7.3 Су дайындау сүлбесі
Электр станцияларында суды, бу турбиналық қондырғының контурын толтыру ушін жылу жүйелерінің жұмыс істеу барысы мен қоректендіру кезінде шығындалатын бу мен конденсаттың орнын толтыру үшін жұмсалады. Барлық жағдайларда қолданылатын қайнамаған су тиісті өңдеуден өтеді. Дегенмен, ең жоғарғы талаптар бу турбиналық қондырғының (БТҚ) контурын толтыруға және қосымша қоректендіруге жұмсалатын судың дайындығына қойылады. ЖЭС-да суды әртүрлі әдістермен өңдейді. Қосымша суды химиялық және термиялық әдістермен өндейді. Химиялық өндеуді қолданып жұмсартылған және мүлде тұзсызданған су алуға болады; қыздыру арқылы өндегенде дистиллят алынады, яғни аздаған ғана қоспасы бар су алынады. Тәсілдерді (технологияны) және су дайындау сүлбелерін таңдау электр станцияларының түріне байланысты, онымен қоса қазандардың түрі мен параметрлеріне, қатты қыздырылған будың температурасын реттеу әдісіне, бастапқы судың сапасына, өнеркәсіптен қайтып алынған буға, станцияда конденсаттың жоғалуына да байланысты.
Су дайындау сүлбелерін таңдау ең алдымен бу казандарының түрлеріне байланысты болады. Тікелей ағызатын қазандар қоректендіргіш судың сапасына көп талап қояды. Мысалы, қыздыру беттеріндегі су түгелдей буланатын болғандықтан, трубалардың ішкі жақтарында қақ тұрып қалмас үшін су мен будың сапасы бірдей болу керек. Барабанды қазандарды әжептәуір концентрациялы, оңай еритін натрий тұздарының болуы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда судың кермектілігін жоғарлататын тұздардан тазартылуы қажет (қазанда қысым өскен сайын, суды жұмсарту соншалықты мұқият жүргізілуі қажет). Қазандағы қысым 10 МПа асқанда, міндетті түрде, суды тұзсыздаңдыру сүлбесі қолданылады.
Қысымы 10 МПа-ға дейінгі бу қазандары үшін жартылай иониттік тұзсыздандыру және кремнийсіздендіру (алдын-ала тазалаумен қатар) немесе суды өңдеудің қарапайым сүлбесі бойынша дистилдендіру (алдын – ала тазалау және натрий катиондауы).
10 МПа және одан да көбірек қысымы бар бу қазандарына алдын-ала тазалау және кремийсіздендіру арқылы ионитті тұзсыздандыру ұсынылады, ал егер минералдылық жоғары болса (Cl¯+SO4²¯, 4мг-экв/л-дан жоғары) онда су өңдеу қарапайым сүлбе бойынша дистилдендіріледі.
Буландырғыштарды қоректендіру үшін екі сатылы натрий катиондауы мен алдын-ала тазалау сүлбесін қолдану ұсынылады, сонымен қатар, су дайындайтын қондырғылар мен жылу электр станцияларын жұмсартылған тастанды суларын да пайдалану ұсынылады, яғни кермексіз және тұздары өте аз мөлшердегі су пайдаланылады; ашық және жабық жылу жүйелерін суландыру үшін мына төмендегідей сүлбе ұсынылады: алдын-ала тазалау сутектік катиондау, декарбонизация, қайта айдалмайтын жұмсартатын катионитті сүзгілер (кальций катиондауы оларды буфер сүзгілер деп атайды).
Төмендегі 7.1 - 7.10 - суреттерде су дайындау қондырғыларының сүлбелері келтірілген [8]. Бұл сүлбелерде мынандай белгілеулер қабылданған: Д - дэаратор; ДК - декарбонизатор; ТОШ – түссіздендіргіш; Н – айдағыш сорғы, НД – дозатор сорғысы; КН – конденсаттық сорғы; ҚН – қоректендіру сорғысы; К – турбина конденсаторы; Ж – суды жылтқыш; Б – аралық бак; БК – ластанған конденсат багы; МФ – механикалық сүзгі; АФ – аралас арекеттер сүзгісі; ЦТФ – целлюлоза толтырылған сүзгі; ТФ – конденсатты темірсіздендіру режимінде жұмыс істейтін катионитпен толтырылған сүзгі; КФ – активті көмірмен толтырылған сүзгі; ЭМ – электромагниттік сүзгі; А1,А2 – анионитті сүзгілер, сәйкесінше 1 – ші және 2 – сатыдағы; Н1, Н2 – 1 ші, 2 – ші сатыдағы сутек – катионитті сүзгілер: Na1 Na2 - 1 ші және 2 – ші сатыдағы натрий-катионитті сүзгілері; H1 қайта айдау аштық режиміндегі сутетік катиондау; Н5 - буферлі катиондау сүзгісі.

7.1 - сурет. Түссіздендіргіште әктендіру, коагуляциялау және механикалық сүзу сүлбесі

7.2 - сурет. Түссіздендіргіште коагиляциялау, механикалық сүзусүлбесі

7.3 - сурет. Түссіздендіргіште жартылай содалау, коагуляциялау, механикалық сүзу сүлбесі

7.4 - сурет. Механикалық сүзгідегі тік ағынды коагуляция сүлбесі

7.5 - сурет. Түссіздендіргіште әктендіру, коагуляциялау және магнезиалды кремнийсіздендіру, механикалық сүзу сүлбесі

7.6 - сурет. Екі сатылы сутектік Н – катиондау, декарбонизация, бір сатылы аниондау
сүлбесі

7.7 - сурет. Алма – кезек Н – ОН – иондауы арқылы үш сатылы тұзсыздандыру сүлбесі

7.8 - сурет. Жинау, механикалық сүзу, белсенді көмірі бар сүзгілерде майды адсорбциялау, целлюзалық сүзгіде темірсіздендіру, катиондау сүлбесі

7.9 - сурет. Қышқылдау,буферлі катиондау,декарбонизация,деаэрация сүлбесі

7.10 - сурет. Бір сатылы натрий катиондау, барботаждық деаэрация сүлбесі